Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1995381
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Столтенберг, Түркияның заңды алаңдаушылығын білеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы Долмабахче сарайында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Столтенберг кездесуге қатысты «Түркияның заңды қауіпсіздік мәселелерін талқыладық. Швеция Түркияның алаңдаушылығын жою үшін қадамдар басты» деді. Столтенберг 12 маусым күні Швеция, Түркия және НАТО-ның бас қосатынын мәлімдеді.

Сабах газеті «Хакан Фиданды әлем құттықтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның жаңа Сыртқы істер министрі Хакан Фиданға әлемнің көптеген елінен құттықтау келді. Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян, Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна, Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба, Эстония Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна, Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем, Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Фиданды әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы құттықтады және жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Стар газеті «Хакан Фидан Грекия баспасөзінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хакан Фиданның Сыртқы істер министрі болып тағайындалуы Грекияда үлкен жаңғырық туғызды. Фиданның өте ақылды дипломат екенін атап көрсеткен грек баспасөзі ол туралы «Фидан Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Кавказ сияқты дипломатия өте қиын болған салаларда келіссөз жүргізуші болды. Ақырында ол Мысырда одан қиынырақ қызметте жүріп, ақыры есікті ашып үлгерді» деп жазды.

Хүррийет газеті «Экономикадағы жаңа кезең» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек міндетті Нуреддин Небатиден салтанатты түрде қабылдап алды. Мехмет Шимшек «Үкіметіміздің басты мақсаты - әлеуметтік жағдайын жақсарту. Алдағы кезеңде осы мақсатқа жетуде ашықтық, жүйелілік, болжамдылық, халықаралық нормаларға сәйкестік біздің негізгі қағидаттарымыз болмақ» деді.

Йени Шафак газеті «Түрік әскері Косоводағы тепе-теңдікті сақтайды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Косовоның солтүстігінде албандар мен сербтер арасында шиеленіс күшейген кезде түрік армиясы НАТО-ның Халықаралық Косово Бейбітшілік күші (KFOR) құрамында елге арнайы десант батальонын жіберді. Косоволық сарапшы доктор Мехмет Калиси Сербия президенті Александр Вучичтің президент Ердоғаннан түрік арнайы десанттарына сұраныс жасаған болуы мүмкін екенін, өйткені екі жақтың да Түркияға сенгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар