Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1993944
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президенттік басқару жүйесі халықтан сенім дауысын алды» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған «14 мамыр мен 28 мамырдағы сайлау нәтижелерінің бірі - президенттік басқару жүйесінің халықтан сенім дауысын алуы» деді.

Сабах газеті  «Кремльден Ердоған-Путин кездесуі туралы мәлімдеме» деген хабар жариялаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің соңғы телефон байланысында бетпе-бет кездесу ниеттерінің расталғанын айтты. Кездесудің уақыты мен орнының әлі белгіленбегенін білдірген Песков "Осындай келісім бар. Бұл кездесуге дайындалып жатырмыз деп айта аламын" деді.

Хүрриет газеті «Түркия экономикасы бірінші тоқсанда күшті өсті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия Статистика мекемесі биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы түрік экономикасының өсу көрсеткішін жариялады. Түркия бірінші тоқсанда 4 пайыздық өсім көрсетті.

Ватан газеті «Стамбул әуежайынан 205 миллионнан астам жолаушы сапар шекті» деген тақырып қолданған. Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу 2018 жылы 29 қазанда ашылған Стамбул әуежайында 1 миллион 417 мың рейс орындалғанын және 205 миллионнан астам жолаушы келгенін хабарлады.

Хабер Түрік газеті  «1982 турист екі круиздік кемемен Бодрумға келді» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, 1982 турист кеше екі круиздік кемемен Мугланың Бодрум ауданына келді. Туристердің бір бөлігі теңізге барса, кейбірі базарды аралап, сауда жасады.



Ұқсас жаңалықтар