Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1993401
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Бейбітшілік пен тұрақтылықтың үстемдігі үшін жұмыс істейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Палаталар және биржалар одағының 79-шы Жалпы Кеңес жиналысында үн қатқан  Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз жақын маңдағы дағдарыстарды шешуде көбірек бастама көтеріп, өңірімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы үшін жұмыс істейтін боламыз. Дипломатиялық қарым-қатынастар арқылы аймақ елдерімен экономикалық және сауда ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз» деді.

Хабер түрік газеті «Қаратеңіздің шығыс аймағынан 4 айда 28,5 миллион долларлық ақсерке экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаратеңіздің шығысынан түрік ақсеркесі экспорты қаңтар-сәуір кезеңінде 227 пайызға артып, 28 миллион 479 мың 226 долларға жетті.

Хүррийет газеті «Караисмаилоғлу: 3-ші пойыз жинағы ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында дайын болуды жоспарлаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу 27 мамыр күні басталған отандық пойыз туралы 3-ші пойыз жиынтығының зауыттық сынақтарының жалғасып жатқанын атап «Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жолаушы тасымалдауға дайын болуды жоспарлаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «ТӘЖ үздік әуе компаниялары тізімінде 8-ші орынға көтерілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Халықаралық жетекші брендті бағалау агенттігі «Brand Finance» жүргізген 2023 жылғы «Жаһандық тұғырдағы үздік әуе компаниялардың брендтері» зерттеуінде 78,1 ұпай жинап 8-ші орынға көтерілді.

Сабах газеті «Супер лиганың чемпионы - Галатасарай» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Спорт Тото» Супер лигада қарсы көгалда «MKE Ankaragücü» командасын 4-1 есебімен жеңген «Галатасарай» командасы лиганың аяқталуына 2 апта қалғанда чемпиондығын жариялады. Осылайша сары-қызыл түсті команда 3 жылдан кейін 23-ші рет лиганың чемпионы атанды.

 



Ұқсас жаңалықтар