Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1992879
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Байден мен Путин Ердоғанға телефон шалып, сайлаудағы жеңісімен құттықтады» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путин Президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып,  ​​қайта сайлануымен құттықтады. Екі лидер Түркиямен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Йени Шафак газеті «Түркиямен дос болған ел жеңеді» атты хабар жариялаған. «2023 жылдың ең маңызды сайлауы» деп саналатын  28 мамырда өткен президенттік сайлауда Президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті. Ердоғанның сайлаудағы жеңісі  НАТО-дан Еуропа Одағына, Ресей-Украина соғысынан Таяу Шығысқа, Жерорта теңізі, иммиграция және шығыс пен батыс қарым-қатынастарына  дейін көптеген жаһандық теңдеулерге әсер етеді. Осы себепті көптеген елдің басшылары Ердоғанды ​​бірден құттықтап, «Ынтымақтастық жасайық» деген хабарлама берді.

Стар газеті  «Түрік ғасыры басталды» деген хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия ғасырының Президент Ердоғанның басшылығымен басталғанын айтты. Алтун «Бауырлас, дос және одақтас елдер осы айтулы күні күшті және ұлы Түркияның жанында болуына қуаныштымыз» деді.

Сабах газеті «Іскер әлемінен сенім пен тұрақтылық хабарламалары» атты хабар жариялаған. Президент Ердоғанның сайлаудағы жеңісі іскер әлемін қуанышқа бөледі.  Бизнес өкілдері «Халық сенім мен тұрақтылық үшін дауыс берді. Белгісіздік кезең аяқталды. Жаңа дәуір Түркияның ғасыры болады» деді.

Ватан газеті «Экономикалық сенімділік индексі соңғы 20 айда ең жоғары деңгейде» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати  жасаған мәлімдемесінде «Экономикалық сенімділік индексі мамыр айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,5 ұпай артып, соңғы 20 айдың ең жоғары деңгейі 103,7-ге жетті» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар