Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1976488
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті  «Стамбул қаржы орталығы ашылды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Қаржы орталығының ашылу салтанатында үн қатты. Президент Ердоған Стамбулды әлемнің санаулы қаржы орталықтарының біріне айналдырғандарын айтты. Ердоған салтанатты рәсімде жасаған мәлімдемесінде «Бұл орталықтың стратегиялық мәні алдағы жылдары жарыққа шығады» деді.

Стар газеті «Министр Акар: 12 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігіндегі база аймақтарына жасалған шабуылдан кейін жүргізілген операцияларда залалсыздандырылған террорист санының 12-ге жеткенін хабарлады.

Хүрриет газеті «Министр Дөнмез: Табиғи газ клапаны ашылды» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіз газының құрлыққа шығарылуының соңғы кезеңіне қатысты «Кеше түннен бастап табиғи газ ұңғымаларының клапандарын ашып, негізгі электр жеткізу желілеріне газды басуға кірістік. Біздің мақсатымыз бейсенбі күні құрлықа шығару» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Түркия үшін АҚШ-тың F-16 шешімі» атты хабар жариялаған. АҚШ Мемлекеттік департаменті «Link-16» тактикалық байланыс желісінің модернизация жинақтарын қолданыстағы F-16 соғыс ұшақтарының коммуникация жүйесін Түркияға сатуды мақұлдағанын Конгреске жеткізді.

Ватан газеті «Министр Варанк: «IMECE»-нің жергілікті көрсеткіші 90 пайызға жетті» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «IMECE» жер серігінің  жергілікті  деңгейінің 90 пайызға жеткенін түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар