Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1966202
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия Францияға наразылық көрсетті» деген хабарға орын берді. Түркия террористердің Франция Сенатында қабылданып, марапатталуын қатаң түрде айыптады. Францияның Түркиядағы елшісі Эрве Магро Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметке қарағанда Түркия Франция Сенатында PKK террор ұйымының Сириядағы тармағы «YPG» мен оның «YPJ» деп аталатын қарулы әйел құрылымы мүшелерін қабылдауын қатаң түрде айыптағанын елшіге білдірді.

Ватан газеті  «Акар: Шекарадан заңсыз өтуге рұқсат бермейміз» атты хабар жариялаған.Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар жер сілкінісінен кейін 60 мың сириялықтың өз еркімен елдеріне оралғанын жариялап, «Шекарадан заңсыз өтуге ешқашан рұқсат бермейміз, мұндай жағдай тілге тииек болмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Варанк: Bayraktar TB3-тер Түркияға стратегиялық артықшылық береді» деген хабарға орын берді. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Bayraktar TB3-ке қатысты мәлімдемесінде «Түрік әскери-теңіз күштерінің ең үлкен соғыс кемесі және әлемдегі алғашқы зеңбірек кемесі болатын «TCG-ANADOLU»-да ұшып-қона алатын Bayraktar TB3-тер  Түркияға стратегиялық артықшылық береді. Өйткені Bayraktar TB3-тер  кемеден кемеге өздігінен қону және көтерілу мүмкіндігіне ие болады » деді.

Хүрриет газеті «"ANKA" ұшқышсыз әуе көлігі және "ULAK" ұлттық базалық станциясынан 4,5G рейсі» атты хабар жариялаған. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы "ULAK" ұлттық базалық станциясының "ANKA"  ұшқышсыз әуе аппаратына интеграциялау арқылы алғаш рет 4.5G қызметін ұсынатынын хабарлады.

Сабах газеті «Түркияның теңіз ұлулары экспорты 3,2 миллион доллардан асты» деген хабарға орын берген. Түркиядан теңіз ұлуы экспорты жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде өткен жылдың бірдей  кезеңімен салыстырғанда 62 пайыз артып, 3 миллион 279 мың 143 долларға жетті.

        



Ұқсас жаңалықтар