Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1965411
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Біздің мақсатымыз – жер сілкінісі аймағын бір жыл ішінде жандандыру» деген тақырып қолданған.

Газеттің хабарына қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған «Мақсатымыз –1 жылда инфрақұрылымы, әлеуметтік және коммерциялық ғимараттарын қосқанда 319 мың үй және барлығы 650 мың үй салып, жер сілкінісі аймағын жандандыру» деді.

Хабер Түрік газеті де  президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Ердоған соңғы зілзала апатында ұлттың бірлік, ынтымақ және бауырластық қасиеттерінің қаншалықты күшті екенін тағы бір рет көргендерін атап көрсетті. «Біз халықаралық көмекті, әсіресе дос және бауырлас елдердің көмегін ешқашан ұмытпаймыз» деді Ердоған.

Хүрриет газеті «Министр Курум: Біз урбанизмнің жаңа дастанын жазамыз» деген хабар жариялаған. Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум «Зілзала аймағында осы уақытқа дейін 53 мың 830 үйдің құрылыс процесін бастадық. Оның 22 мың 467-сінің іргетасын қаладық. Біз 11 уәлаятта жаңғыру және құрылыс үдерісімен жаңа урбанизм дастанын жазамыз” деді.

Йени Шафак газеті «Чавушоглу мен Гутерриш телефон арқылы сөйлесті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Чавушоғлу мен Гутерриш «Нөлдік қалдық» бастамасы мен Стамбул астық келісімін талқылады.

Ватан газеті «Дін істері басшысы Ербаштан даттарға үндеу» деген хабар жариялаған. ТР Дін істері төрағасы Али Ербаш Даниядағы Құран мен түрік туына жасалған шабуылға байланысты даттарға үн қатты. Али Ербаш «Құранның арқасында көптеген адам жамандықтан тыйылып, жақсылыққа бет алды. Түрік туы да өз түсін шейіт болғандардың қанынан алды. Келіңдер, Құран оқып, түрік туын таныңдар, іштегі жамандыққа ең үлкен жауапты өздерің беріңдер» деді.



Ұқсас жаңалықтар