Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1964016
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Түркияның астық дәлізіндегі табысын барша әлем тілге тиек етуде» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жекеменшік телеарналардың ортақ тікелей эфирінде журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ресей-Украина соғысында араағайындық жасаған жалғыз ел Түркия екенін білдірген Ердоған Түркияның Қаратеңіз астық дәлізіндегі табысын барша әлемнің тілге тиек  екенін айтты.

Стар «Түркия Израильді айыптады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газа секторынан шығуы және Батыс Шериядағы кейбір заңсыз елді мекендерді көшіру туралы заңға енгізілген өзгерістерді айыптады.

Сабах газеті «Түрік әскери-теңіз флоты өте мықты» деген хабарға орын берген. Әскери электроника өнеркәсібі (ASELSAN) су астындағы қорғаныс жүйелеріндегі тәжірибесімен Түрік әскери-теңіз флоты үшін су астындағы нысанасына үнсіз қозғалатын «автономды сүңгуір» әзірледі.

Хүрриет газеті «Стамбул әуежайы қатарынан 3-ші рет «Жыл әуежайы» сыйлығын алды» атта хабар жариялаған. Стамбул әуежайы әлемдік авиация саласының алдыңғы қатардағы  басылымдары арасында көрсетілетін «Air Transport Awards» марапатында 2021 және 2022 жылдан кейін биыл да  «Жыл әуежайы» болып таңдалды.

Йени Шафак газеті «Месут Өзил футболды тастады» деген хабарға орын берген. Карьерасын «Медипол Башакшехир» командасында жалғастырып жатқан Месут Өзил әлеуметтік желіде футболдан кеткенін жариялады. 34 жасар Өзил терең ойланғаннан кейін профессионалды футбол карьерасын аяқтауға шешім қабылдағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар