Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Сабах газеті «Түркия-Ирак арасындағы даму жолы жобасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия Эс-Суданимен Анкарада ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Басрадан Түркияға дейін созылатын «Даму жолы жобасын» жүзеге асыратындарын атап көрсеткен Ердоған «Даму жолы» жобасын аймағымыздың жаңа «Жібек жолы» болады, деп ойлаймын» деді.
Хабер түрік газеті «Түркия Израильге алаңдаушылығын білдірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті. Шерияның батысында шабуылдар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің артуына байланысты терең алаңдаушылығын білдірген Ердоған «Ақса мешітінің» тарихи мәртебесі мен руханиятына бағытталған арандатушылық пен қоқан-лоққыларға жол бермеудің маңызды екенін тілге тиек етті.
Хүррийет газеті «Джумхур одағы» президенттігіне кандидат Ердоған» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоғанның 14 мамыр күні өтетін сайлау үшін президенттікке кандидаттық өтінішін берді. «Джумхур одағы» Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы өкілдері Ердоғанның президенттікке кандидаттық үшін Жоғарғы сайлау кеңесіне бірге өтініш жасады.
Йени Шафак газеті «Айя-София раушан суымен жуылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда тарауық намазы «Он бір айдың сұлтаны» еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде бүгін кешке оқыла бастайды. Түнде алғаш ауыз бекітіліп, ертең бірінші ауызашар басталады. Тағатсыздана күткен қасиетті айға мешіттер де дайын. Стамбулдағы рухани орталықтар, Айя-София және Эйюп Сұлтан мешіттері раушан суымен жуылып, ораза айына әзірленді.
Хабер түрік газеті «Түркияның мақсаты 60 миллион турист» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 200 елде насихат жүргізіп жатқандарын атап, Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің келетінін айтты. Ерсой «Біз 60 миллион турист мақсатымызды сақтаймыз. 2028 жылы нысанамыз 100 миллиард долларлық бір туризм табысына қол жеткізу» деді.