Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Хабер Түрік газеті «Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясының президенттікке кандидаты-Ердоған» деген хабарға орын берді. Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтары Режеп Тайып Ердоғанды президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады. Ердоған Джумхур одағының (Әділет және даму партиясы-Ұлтшыл қозғалыс партиясы) президенттікке кандидаты ретінде Жоғары сайлау кеңесіне ұсынылады.
Хүрриет газеті «Ердаған: Ұлтымыз Түркі елдерінің қолдауын ұмытпайды» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарадағы Президенттік сарайында ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты мәлімдеме жасады. Саммитке қатысқан мемлекет басшыларына алғыс білдірген президент Ердоған «Басымыздан өткен апатта түрік әлемі ретінде көрсеткен ынтымақ пен береке-бірлікті ешқашан ұмытпаймыз» деді.
Стар газеті «Ердоған: Путин мен Зеленскийді келіссөздерге қайтаруға тырысамыз» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Ресей мен Украина тараптарын келіссөз үстеліне соңына дейін қайтару үшін талпыныстарын жалғастыратындарын білдірді. Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен тұрақты байланыста болғандарын атап көрсеткен Ердоған « Араағайындығымыз Қаратеңіз астық келісімі және кең ауқымды тұтқын алмасуы тараптардың ортақ негізде кездесе алатынын көрсетті» деді.
Йени Шафак газеті «Әлиев: Түркия әлемдегі ықпалды ел» атты хабар жариялаған. Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде мәлімдеме жасаған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияның тек аймақта ғана емес, бүкіл әлемде беделді елге айналғанын, сонымен бірге күш орталығы екенін айтты.
Сабах газеті «TOGG қарсыластарынан озып кетті» деген хабарға орын берген. Түркияның отандық автокөлігі TOGG-ның алғашқы үлгісі «T10X» мен «C-SUV» Қытай, Оңтүстік Корея және еуропалық бренд үлгілерін қоса алғанда, диапазон, зарядтау және баға артықшылығы жағынан өз сегментіндегі басқа электрлі көліктерді басып озды.