Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1960853
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған бір жылда 650 мың үй беруге уәде берді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күнгі жер сілкінісінен қираған қалаларды бір жыл ішінде қалпына келтіреміз деп уәде бергендерін айтып, 650 мың үй салып, игіліктерге беруді жоспарлағандарын айтты.

Хүррийет газеті «Ердоғаннан Финляндияға оң белгі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда НАТО-ға мүшелікке Түркияның рұқсатын күтіп отырған Финляндия мен Швецияның назары Анкараның бекітуінде. Швецияға керісінше Түркияның талаптарын орындаған Финляндияға оң белгі келді. Президент Ердоған Финляндияның НАТО-ға мүшелігі туралы жасаған мәлімдемеде «Міндетімізді орындаймыз, жұмада уәдемізді орындаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Финляндияның мәлімдемесі әлем баспасөзде» тақырыпты хабарға орын берген. Финляндияның НАТО-ға мүшелігімен байланысты жасаған мәлімдемесі  әлем баспасөзде кеңінен жарияланды. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Финляндияның НАТО мүшелігіне қатысты мәлімдемесінде «Міндетімізді орындаймыз, жұмада уәдемізді орындаймыз» деді. Еуропа баспасөзі жаңалықты «Швеция сыртта қалды», «Қорқыныш болды» деген тақырыптармен жариялады.

Стар газеті «Түркіменстан көмірсутегі байлығын бөлісуге дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрікменстанды тәуелсіздігін жариялаған кезде Түркияны алғаш мойындаған ел екенін атап көрсеткен Түркіменстан халық істері төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов елдің көмірсутегі байлығын «түрік отбасымен» бөлісуді мақсат еткендерін білдірді.

Ватан газеті «TOGG жолда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Бурсаның Гемлик ауданында шығарылған Түркияның тұңғыш электромобиль ақылды құрылғысы TOGG түрлі түсті көліктерімен сынақтан өте бастады. Бурсаның даңғылдары мен көшелерінде сынақтан өткен көліктер азаматтардың қызығушылығын туғызды. Әуеден дронмен көрсетілген ТOGG керемет көрінісімен баршаны тәнті етті.



Ұқсас жаңалықтар