Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1957246
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Жомарттық таныту кезегі біздікі!» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуроодақ 16 наурыз күні Бельгияның бас қаласы Брюссельде Түркия үшін донорлар конференциясына дайындалып жатқан кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы өкілі Луиза Винтоннан бір шақыру келді. Винтон «Қазір Түркияның сириялықтарға деген жомарттығын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға қайтаратын кез келді» деді.

Сабах газеті «БҰҰ: Түркия қысқа уақыт ішінде үлкен жұмыс атқарды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Ғасыр апаты» деп аталған жер сілкінісінде Адыяманда зардап шеккендер тұратын уақытша контейнерлік қалаға барған Біріккен Ұлттар Ұйымының Апатты бақылау және үйлестіру (UNDAC) тобы контейнерлік қала туралы «6 күн сияқты қысқа мерзімде үлкен жұмыс атқарылды» деп бағалады. Адьяманда 500 контейнерлік толық жабдықталған қала құрылды. Бір айдың ішінде контейнер санын 1817-ге жеткізу көзделуде.

Хүррийет газеті «Финляндия мен Швецияның мәлімдемелері нақты қадамдарға айналуы керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік үдерістеріне тоқталған (түрік) дипломатиялық ақпарат көздері «Кейбір заңдардағы өзгерістер мен мәлімдемелер нақты қадамдарға айналуы керек» деді. Терроризмді қаржыландыру, содыр жинау, үгіт-насихат және лаңкестік әрекеттер жасауға жол бермеу үшін екі елден нақты қадамдар басуы күтіледі.

Хабертүрік газеті «Ауыл шаруашылығы экспорты жаңа рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ауыл шаруашылығы секторы 5 миллиард 434 миллион доллармен қаңтар-ақпан айлары аралығындағы ең жоғары экспортты жүзеге асырды. Жылдың алғашқы 2 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға артқан ауыл шаруашылығы экспорты Түркияның жалпы сыртқы саудасынан 16,2 пайыздық үлес алды.

 Йени Шафак газеті «TOGG-ге санаулы күндер қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғаш отандық және электрлі көлігі TOGG-тің тұсаукесерінде алғашқы жеткізілімнің наурыз айының соңына қарай жүзеге асырылады. «TOGG C-SUV» осы айда сатылымға шығып, айдың аяғында жолға шығады деп күтіледі. TOGG алдын ала тапсырыс беру процесі жақын арада TOGG ресми веб-сайтында және «Trumore» мобильді қосымша арқылы іске қосылады.



Ұқсас жаңалықтар