Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1955936
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Сайлау 14 мамырда өтеді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін жасаған мәлімдемесінде сайлаудың 14 мамырда өтетінін қайталап, «Біз бұл процесті 10 наурыз жұма күні қабылданатын сайлау шешімі жариялағаннан кейін бастаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Миллет» альянсының президенттікке кандидаты - Кемал Кылычдароғлу» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Республикалық Халық партиясы (CHP), Жақсы (IYI) партиясы, Демократиялық партия, «Саадет» партиясы, «DEVA» партиясы және «Болашақ» партияларынан тұратын «Миллет» Ұлт альянсының президенттікке кандидаты CHP төрағасы Кемал Кылычдароғлу болды. 5 партияның жетекшілері вице-президент болады деп шешілді.

Йени Шафак газеті «Түрік қарулары Германия жәрмеңкесінде назар аударды» деген хабар жариялаған. Әлемдегі жетекші жеңіл қару өндірушілердің бірі «CANiK» Германияның Нюрнберг қаласында өткен «Enforce Tac» қорғаныс және қауіпсіздік техникасы жәрмеңкесінде әлемге әйгілі өнімдерін көрсетті. Жәрмеңкеде «CANiK» стенді көпшіліктің назарын аударды.

Сабах газеті «TAV-тің 3 әуежайы әлемдегі үздік әуежайлардың қатарында» деген хабарға орын берген. «TAV Airports» басқаратын Анкара Есенбога, Скопье және Загреб әуежайлары Халықаралық «Airports Council» (ACI World) тарапынан «Әуежай қызметінің сапасы- Airport Service Quality ASQ» бағдарламасы аясында «Үздік әуежай» сыйлығымен марапатталды.

Стар газеті «Түркия жер сілкінісіне қарамастан турист тартуды жалғастыруда» деген хабар жариялаған. Түрік туристік агенттіктері қауымдастығының басқарма төрағасы Фируз Баглыкая Түркияның дәстүрлі туристік әлеуеті жоғары елдерден қызығушылық көргеніне тоқталып, «Германия, Ресей, Англия, Польша және басқа елдерден брон келіп жатыр. Еуропада Голландия бірінші орында тұр» деді.



Ұқсас жаңалықтар