Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1948629
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әлем көшбасшылары президент Ердоғанға телефон арқылы көңіл айтты» деген хабарға орын берген. Болгария, Мальта, Албания көшбасшылары мен Босния және   Герцеговина президенттігінің бұрынғы мүшесі Бакир Изетбегович президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон соқты. Олар жер сілкіністерінде қаза тапқандар үшін көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Хабер Түрік газеті «Блинкен мен Чавушоғлу жер сілкінісі аймағында» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Америка Құрама Штаттары  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кеше эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністерінде зардап шеккен Хатайға барып, тексеру жүргізді

Хүрриет газеті «Министр Кожа: аймақта ешқандай жұқпалы індет байқалған жоқ» деген хабарға орын берген. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жер сілкінісі болған аймақтағы жұқпалы аурулар туралы анализдерді  жүйелі түрде қадағалап отырғандарын айтып, «Қазірге дейін ешқандай жұқпалы індет байқалған жоқ» деді.

Сабах газеті  «“Капган” көрмеге шығады» атты хабар жариялаған. Түрік қорғаныс өнеркәсібі тарапынан әзірленген ұшқышсыз әуе аппараты көлігі «Капган» Абу-Дабиде өтетін «IDEX» халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі мен конференциясы аясында алғаш рет шетелде көрсетіледі.

Ватан газеті  «Түркияның Парсы шығанағы елдеріне экспорты артты» деген хабарға орын берген. Түркияның Парсы шығанағы елдеріне экспорты қаңтар айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 16,1 пайыз артып, 1 миллиард 431 миллион долларға жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар