Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1947739
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Үміт таусылмады» деген хабарға орын берген. 26 жастағы Мехмет Али Шакироғлу мен 34 жастағы Мұстафа Авжы Хатайдың  Антакия ауданында жер сілкінісінің 261-ші сағатында ғимарат қирандыларының астынан құтқарылды.

Стар газеті «Алейна шетел баспасөзінде» атты хабар жариялаған. Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 11 күн өткен соң іздеу-құтқару топтары үйінді астынан шығарылған 17 жастағы Алейнаның денсаулық жағдайы дәрігерлерді таң қалдырды. Ұлыбританияда шығатын  «Daily Mail»  газеті жас қыздың 248 сағаттан кейін қирандылар астынан шығарылуын оқырмандарына «Адам нанғысыз» деген сөзбен жеткізді.

Хабер Түрік газеті «НАТО-дан қолдау» деген хабарға орын берген. Түркияны қайғыға батырған жер сілкінісінен кейін НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияға келді. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездескен Столтенберг «Бұл НАТО одақтастары территориясында болған ең үлкен апат» деді. «НАТО одақтастары Түркиячға қолдау көрсетуді жалғастырады» деді Столтенберг.

Сабах газеті  «НАТО контейнерлік қала салуда» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігінде НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуінен кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісіне байланысты Чавушоғлу НАТО кеңесінің 3 мың адамға арналған контейнерлер мен шатырлар жіберуге шешім қабылдағанын білдірді.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: НАТО-ның кеңеюін жақтаймыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік үдерісіне қатысты «Біз НАТО-ның кеңеюін жақтаймыз, бірақ екі елдің де, әсіресе Швецияның басуы қажет қадамдар бар» деді. Чавушоғлу Швециядағы Құранды өртеу және бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG жақтастарының әрекеттеріне назар аударды.  



Ұқсас жаңалықтар