Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1942982
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Бүгін – бірлік күні» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Кахраманмарашта болған 7,7 балдық жер сілкінісінің өткен ғасырдағы 1939 жылғы Эрзинжан жер сілкінісінен кейінгі ең үлкен апат екенін айтты. «Осы алапат күндерді ел және ұлт болып бірлік және ынтымақпен еңсереміз деп сенемін» деді Ердоған. «Бұл күн -  85 миллион бір жағадан бас шығаратын күн» деді ол.

Хабер Түрік газеті  «Түркия жер сілкінісі болған аймақтар үшін қан тапсыруға асықты» деген тақырып қолданған. Кахраманмарашта болған 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы  Др. Керем Кынык бүкіл Түркияны қан тапсыруға шақырды. Түркияның әртүрлі қалаларында азаматтар жер сілкінісі болған аймақтарға жеткізу үшін қан тапсыруға асықты.

Сабах газеті «Түркия бір жүрек» деген тақырып қолданған. Эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкінісі 10 аймаққа әсер етті. Жер сілкінісінен кейін Түркия жұмылды. Ел көлемінде көмек көрсету науқаны басталды. Жер сілкінісі болған аймаққа елдің түкпір-түкпірінен құтқару топтары жіберілді. Құтқару топтары қиранды астындағы азаматтарды құтқару үшін жұмылса, жиналған шатырлар, көрпелер, дайын азық-түлік материалдары мен ас үй құралдары жер сілкінісінен зардап шеккендерге жеткізілуде.

Ватан газеті «Әлем Түркияға көңіл айтып, көмек қолын созуда» деген хабар жариялаған. Халықаралық ақпарат құралдары Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісі туралы хабарды басты тақырып етіп берді. Веб-сайттар жаңалықтарды оқырмандарына тікелей жеткізді. Жер сілкінісін естігеннен кейін Түркияға қолдау, көңіл айту және көмек хабарлары ағылды.  Көптеген ел басшылары да Түркияның жанында екенін білдірді.

Стар газеті «Алтуннан Илон Маскке жалған ақпарат ескертуі» деген хабарға орын берген. Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун  Илон Маскты белгілеп, жер сілкінісі туралы жалған ақпарат пен расталмаған мәліметке назар аудару керектігін айтты. Фахреттин Алтун Twitter-дегі парақшасында былай деп жазды: «Мұндай төтенше жағдайда Twitter платформасындағы жалған ақпарат пен расталмаған мәлімет тарату әрекеттеріне ерекше назар аудару өте маңызды. Бұл шығынға және күш-жігерімізді бәсеңдетуге жол ашуы мүмкін. Біз Twitter-ден жауапты көзқарас күтеміз».



Ұқсас жаңалықтар