Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1942383
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған тоғыз елге наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Айдында жастармен кездескен президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы консулдықтарын жабуға шешім қабылдаған 9 елге наразылық көрсетті. Елшілердің Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, ультиматум қойылғанын еске салған президент Ердоған «Дүйсенбі күні үкімет отырысымыз бар, қажетті шешімдерді сонда қабылдаймыз» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Варанк: Біз Түркияны сақтау технологияларында маңызды орынға көтергіміз келеді» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Кайсеридегі Еуропаның алғашқы және жалғыз цилиндрлік литий-ионды аккумулятор өндіріс базасында тексеру жүргізді. Варанк «Біз Түркияны аккумулятор өнеркәсібі мен сақтау технологияларында маңызды орынға көтергіміз келеді» деп көрсетті.

Стар газеті «Шетелдер қызығушылық көрсетуде» деген хабарға орын берген.Түркия әлемдегі өз сүңгуірлерін жобалай алатын және шығара алатын 5-6 елдің бірі болуға дайындалуда. Сынақ өндірісін бастаған ұлттық сүңгуірі «STM500» биыл іске қосылатын болады. Қазірдің өзінде шетелден ұлттық сүңгуірлерге қызығушылық жоғары.

Сабах «Ауылшаруашылығы секторы экспортта қаңтар айында  рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Түркияның ауылшаруашылығы секторы 2 миллиард 875 миллион доллармен қаңтар айындағы ең жоғары экспортқа қол жеткізді.

Хабер Түрік газеті «Қаңтар айында Кападокияға өте көп турист келді» деген хабарға орын берген. Тарихи, мәдени байлығы және табиғи сұлулығымен жергілікті және шетелдік туристерді қызықтыратын туризм орталықтарының бірі Кападокияға биыл қаңтар айында 174 мың 222 адам келді. 2023 жылдың бірінші айында өткен жылдардың бірдей мезгілімен салыстырғанда рекорд жаңартты.



Ұқсас жаңалықтар