Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Стар газеті «Чавушоғлу Швецияның НАТО-ға мүшелігін қабылдай алмаймыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияның НАТО мүшелігіне байланысты міндеттемелерін орындайтын болса, онда ойластыруға болатынын айтты. Чавушоғлу «Бірақ қазіргі бұл шарттарда Швецияның НАТО-ға мүшелігін қабылдай алмаймыз» деді.
Сабах газеті «Түркия Германияны басып озды» атты хабар жариялаған. Түркияның Ресей-Украина соғысы кезінде ұстанған бейбітшілік дипломатиясы да, жаһандық деңгейде дамытқан экспорттық қуаты да талдау тақырыбы болуда. Германияда шығатын «Bild» газеті Түркияның экономикалық өсуіне кең көлемді орын берді. Түркияның Ресеймен импорт және экспорт көрсеткішінің бір жылдың ішінде екі есе өскенін жазған газет Түркияның Германиядан озып кеткенін атап көрсетті.
Хүрриет газеті «İMF Түркияның өсу болжамын көтерді» деген хабар жариялаған. Халықаралық валюта қоры (İMF) Түркияның 2022 жылғы өсу болжамын көтерді. İMF қазан айындағы рапортанда Түркия үшін 2022 жылы 5 пайыздық өсуді болжады. Жаңа рапортында бұл көрсеткіш 5,5 пайыз ретінде тіркелді.
Ватан газеті «Түрік әскерлері наысаналарды лазермен басқарылатын «CİRİT» зымыранымен атқылады» атты хабарға орын берген. Қарстағы суық ауа-райына қарамастан «Қысқы жаттығу-2023» атыс жаттығуында сарбаздар лазермен басқарылатын «CİRİT» зымыранымен нысанаға дәл соққы жасады.
Йени Шафак газеті «Тағы рекорд жаңартты» деген хабар жариялаған. Соңғы үш жылда жолаушы саны мен рейс саны бойынша Еуропа әуежайлары арасында бірінші орынды иелеген және 2022 жылды көшбасшы ретінде аяқтаған Стамбул әуежайы қаңтардың 4-ші аптасында күнделікті 1229 рейспен бірінші орынға шықты.