Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1939996
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Песков: Путин мен Ердоған қарым-қатынасы өзара сенімге негізделген» деген хабар жариялаған. Ресей президентінің  баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Ресей президенті Путин мен президент Ердоғанның ерекше қарым-қатынастары бар. Бұл қарым-қатынастар шынымен де өзара сенімге, өзара құрметке және өздеріне алған міндеттемелерге деген адалдыққа негізделген» деді.

Хүрриет газеті  «Чавушоғлудан Финляндия мәлімдемесі» деген тақырып қолданған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне байланысты «Менің ойымша «проблемалық ел» және «аз проблемасы бар ел» арасында айырмашылық жасау әділ болады. Түркия ретінде НАТО тақырыбында шешім қабылдасақ, біз екі елді бөлек бағаландырамыз деп ойлаймыз. Президентіміз де «Финляндияға Швецияға қарағанда басқаша баға беруіміз мүмкін» деп айтты» деді.

Стар газеті  «Канада бермеді, Түркия өзі өндірді» деген тақырып қолданған. Түркия қорғаныстағы эмбаргоға өз өндірісімен жауап берді. Канададан сатып алуы шектелген «Тікұшақтарды ұстау және тасымалдау жүйесі» алғаш рет жергілікті және ұлттық деңгейде әзірленді. Жүйе өзінің алғашқы миссиясын ұлттық «TCG Стамбул» фрегатымен бастайды.

Сабах газеті  «Фатих» бұрғылау жұмыстарын бастады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, «Фатих» бұрғылау кемесі  Сакария газ кенішіндегі жаңа анықтау ұңғымасы «Амасра-2-де» бұрғылау жұмыстарын бастады.

Хабер Түрік газеті «Сакариядағы зауытта Еуропадағы жаңа бастамаларды бастаймыз» деген хабарға орын берген. «Toyota» компаниясының зарядталатын гибридті моделі «New C-HR» әлемде алғаш рет Түркияның Сакария қаласында шығарылады. «Toyota Automotive Industry Türkiye” сонымен қатар «Toyota» компаниясының Еуропадағы базалары арасында аккумулятор мен қайта зарядталатын автомобиль шығаратын алғашқы база болады.

 



Ұқсас жаңалықтар