Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1938688
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Челик: Батыс ақпарат құралдары тұрпайы үгіт-насихат жасауда» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Батыстың кейбір ақпарат құралдарының президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​жүйелі түрде нысанаға алуына наразылық көрсетті. Челик «Кейбір батыстық ақпарат құралдары президентіміздің сыртқы саясатта тәуелсіз және принципті бағыт ұстануынан мазасыз болғанын ашық айтуда. Олардың істейтіні хабар тарату қызметі емес, тұрпайы қара үгіт» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Чавушоғлұ Швецияға наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияда Құранды өртеу әрекетіне қатысты «Швеция үкіметі жексұрын әрекетке рұқсат беру арқылы осы қылмысқа серіктес болды. Бұл жексұрын әрекет шын мәнінде өшпенділік, нәсілшілдік әрекет. Мұны бізге ешкім сөз бостандығы  деп түсіндіруге тырыспасын» деді.

Йени Шафак газеті: «Чавушоғлу: АҚШ бізден ДАИШ-ті ұрлады» деген хабарға орын берген. ДАИШ-пен күресу сылтауымен Сирияға қоныстанған және PKK-ға жол ашқан Америка Құрама Штаттарының ДАИШ террористтерін қорғайтыны ресми түрде расталды. Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркияның Сирияның солтүстігін тазартып жатқанда АҚШ-тың Майк Помпеоның ұлттық барлау ұйымы төрағасы  болған кезде ДАИШ мүшелерін Ауғанстанға өткізгенін мәлімдеді.

Стар газеті «Түркия Израильді айыптады» атты хабар жариялаған. Палестина мемлекет басшысы  Махмуд Аббас Израиль шабуылында 9 палестиналық қаза тапқаннан кейін үш күндік аза тұту жариялады. Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Батыс Шериядағы шиеленістің күшеюіне және адам өліміне қатты алаңдаймыз және бейбіт тұрғындардың өліміне себеп болған бұл шабуылдарды қатаң айыптаймыз» делінген.

Сабах газеті «Түркия Үлкен 20 тобы елдерінде экономикада  ең жылдам өсіп келе жатқан елдің бірі» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Түркияның 2022 жылдың алғашқы 3 тоқсанында күшті және теңдестірілген өсу перспективасын сақтап, 6,2 пайыздық өсуді жалғастырғанын және Үлкен 20 тобы елдері арасында ең жылдам өскен экономикалардың бірі екенін атап көрсетті. Небати «Біздің экономикамыздың өсуінде жүзеге асырылған тиімді саясаттар және жүзеге асырылған Түрік экономикалық үлгісі ықпалды болды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар