Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1937124
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның Швецияға ветосы туралы жазған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған кеше министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.  Ол  мәлімдемесінде Құран өртенген жексұрын әрекетке көз жұмған Швеция үкіметіне ауыр сөздер айтты. "Егер Швеция әкімшілігі құқықтар мен бостандықтарды соншалықты құрметтейтін болса, Түркия Республикасы мен мұсылмандардың діни сеніміне құрметпен қарауы керек. Бұл құрметті көрсетпесеңіз, кешіріңіз, бізден НАТО тақырыбында ешқандай қолдау ала алмайсыз" деді Ердоған.

Стар газеті «Стамбулда үлкен саммит өтеді» деген хабар жариялаған. Еуропа Одағының (ЕО) Түркиядағы өкілдігінің басшысы, елші Николаус Мейер-Ландрут Ресей-Украина соғысының бір жылдығына байланысты 22 ақпанда Стамбулда үлкен саммит өтетінін мәлімдеді.

Ватан газеті «Mukavemet» кемесі туралы хабарға орын берген. Газеттің хабарлауынша ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше жасаған мәлімдемесінде Қаратеңіздің түбінде энергетикалық база құрып жатқандарын айтты.  «Бұл жұмыс үшін  арнайы кемелер қажет. Біз «Mukavemet» деп атаған кеме теңіз түбіндегі операцияларды жүзеге асыру үшін флотымызға қосылды» деді министр.

Хабер Түрік газеті «Түркияның Солтүстік Африкаға экспорты артты» деген хабарға орын берген. Түркия экспортшылар мәжілісінің мәліметтеріне қарағанда Түркияның Солтүстік Африка елдеріне экспорты өткен жылы 2021 жылға қарағанда 5,1 пайыз артып, 13 миллиард 148 миллион долларға жетті.

Хүрриет газеті « Тұтынушылардың сенім индексі өсті» деген тақырып қолданған. Түркия Статистика мекемесі мен Түркия Республикасы Орталық банкінің мәліметтеріне қарағанда, қаңтар айында тұтынушылық сенім индексі 79,1 болды. Желтоқсан айында бұл көрсеткіш 75,6 ретінде тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар