Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1934389
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Реисиге табиғи газ хабарламасы» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянды қабылдады. Кездесуде Ердоған ирандық министрден табиғи газды қысқартуды тоқтату туралы өтінішін Иран президенті Ибрахим Реисиге жеткізуді сұрады.

Ватан газеті «Чавушоғлу: Швеция прокуратурасының шешімі қисынсыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияның астанасы Стокгольмде террор ұйымы PKK жақтастарының Түркия мен президент Ердоғанға қарсы жанжалды арандатушылығына байланысты Швеция прокуратурасының «Тергеу қажет емес» шешімінің қисынсыз екенін білдірді. Чавушоғлу «Швецияда жек көрушілік қылмысын жасауға бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап берсін» деді.

Хабер Түрік газеті «Швециядағы университет түрік студентінен кешірім сұрады» деген хабар жариялаған. Швецияның Стокгольм университетінің профессоры «Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне тосқауыл қойды» деп түрік студентінің тағылымдамадан өту өтінішін қабылдамаған соң университет кешірім сұрады. Стокгольм университеті түрік студентіне басқа бір тағылымдамадан өту ұсынысы жасалғанын хабарлады.

Сабах газеті «The Economist»: НАТО Түркиядан айрылып қалуды  көтере алмайды» деген хабарға орын берген. Лондонда шығатын «The Economist» газеті НАТО-ның Түркиядан айрылып қалуға шамасы келмейтінін жазды. Президент Ердоғанның Ресей-Украина соғысындағы рөліне назар аударған газет Түркияның астық дағдарысы және тұтқын алмасу мәселесінде жақсы жұмыс жасағанын атап көрсетті.

Стар газеті Түркия экономикасына орын берген. Газеттің жазуынша, Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Түркияның 2022 жылды барлық дерлік макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша әлемнің басқа елдерінен жақсы позицияда аяқтағанын және күшті ілгерілеуін жаңа биіктерге жеткізгенін білдірді. Небати шамамен бір жыл бұрын инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс және экспортқа бағытталған «Түрік экономика моделінің» енгізілуінің осы экономикалық табысқа үлкен үлес қосқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар