Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1931688
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президент Ердоғанның батысқа реакциясы» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде лаңкестікпен күресте екіжүзділік танытқан батыс елдеріне наразылық білдіріп, «Түркияның терроризммен күресіне көзін жұмғандар шындықты көреді.  Еуропадағы терроризмді қолдаушыларға қарсы сақтық шараларын кеш қабылдау қауіпті күн өткен сайын арттыра түседі» деді.

Хабер Түрік газеті «Шентоптан ханзада Гарриге наразылық» деген тақырып қолданған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Ұлыбритания корольдік отбасынан шыққан ханзада Гарридің өмірбаяндық кітабында Ауғанстанда 25 адамды өлтіргені туралы мәлімдемесіне наразылық білдірді. Шентоп ханзада Гарридің мәлімдемелерінің тек «ақ түсті» еуропалықтардың пікірі емес, сонымен бірге олардың мәдениеті, көзқарас пен түсініктерін де білдіретінін атап өтті.

Хүрриет газеті «Әуежайларымызда 182 миллион 334 мың жолаушыны қабылдадық» деген хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу 2022 жылы әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушы санының өткен жылға қарағанда 42,1 пайызға артып, 182 миллион 334 мыңға жеткенін мәлімдеді.

Ватан газеті «Әлем алыбы Түркияға келеді» деген тақырып қолданған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк америкалық электромобиль өндіруші «Tesla» компаниясының түрік нарығына шыққысы келетінін және бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты.

Йени Шафак газеті «47 елге 1 миллиард доллардан астам экспорт» деген хабарға орын берген. Түркияның 1 миллиард доллардан астам экспорт жасаған елдер саны өткен жылы 43-тен 47-ге көтерілсе, Германия, АҚШ және Ұлыбритания алғашқы үш орынды иеленді.



Ұқсас жаңалықтар