Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1931061
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: Соғыстың келіссөз үстелінде аяқталатынына сенеміз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен Украина арасында жалғасып жатқан соғысқа сілтеме жасап, «Соғыстың келіссөз үстелінде аяқталатынына сенеміз» деді.

Сабах газеті  «Акардан Сирия мәлімдемесі» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда ТР Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия мен Сирия арасындағы келіссөздердің 11 жылдан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас пен аймақтағы бейбітшілік үшін жақсы ниетпен басталғанын айтты.  «Бұл - бір процесс. Үмітіміз өзара қарым-қатынас арқылы дамиды» деді ол.

Стар газеті  «Нидерландтық зерттеушінің батысқа наразылығы: Түркия дұшпандығы сізді соқыр етті» деген хабар жариялаған. Батыс елдерінің Түркияның PKK/YPG террор ұйымына қатысты ескертулеріне құлақ аспауын сынаған нидерландтық зерттеуші Рена Нетжес «Түркияға деген дұшпандық салдарынан террор ұйымы YPG/PKK-ның қараңғы жағын көрмейді» деді.

Хүрриет газеті Түркия туралы мақтауларға орын берген. Әлемнің көптеген еліне экспортталатын түрік қарулары неміс баспасөзінің күн тәртібінде. «Die Welt» газеті Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің күшеюіне байланысты таңғаларлық талдау жариялады. Қытайдың жетекші газеттерінің бірі «People's Daily» Түркияның қарқынды дамып келе жатқан әуе күштерін мақтап, «Түркияның ұлттық ұшағы өз замандастарынан әлдеқайда жоғары» деген пікір білдірді.

Ватан газеті «Түрік кәсіпкерлері Вегаста» деген тақырып қолданған. Әлемдегі ең үлкен тұрмыстық электроника жәрмеңкесі «CES 2023» түрік кәсіпорындарының инновациялық өнімдері кеңінен қатысумен өтті. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жәрмеңкеде түрік кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырды.



Ұқсас жаңалықтар