Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1927108
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Экспортта республика тарихындағы рекорд» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған «Жаһандық қиындықтарға қарамастан 2022 жылы экспортымыз алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артып, 254,2 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткіш республикамыздың тарихындағы рекордтық көрсеткіш» деді.

Хүрриет газеті  «Әлемнің көзі 2023 жылы Түркияда болады» деген тақырып қолданған. 2023 жылдың алғашқы күндерінде әлемнің көзі Түркияда. Жаңа жылда қадағалануы керек оқиғаларды жариялаған «Foreign Policy» журналы Ердоған анализіне назар аударған. Түркиядағы сайлауға да кеңінен орын берілген хабарда «Ердоған 2002 жылғы сайлауда жеңіске жетіп, 2003 жылы премьер-министр болды және содан бері Анкарадағы ең маңызды адам болды» деп айтылған.

Йени Шафак газеті  «Жылдық табысы бойынша әлемді басып озды» деген хабарға орын берген. Өткен жылы «Borsa Istanbul» әлемдік қор нарықтары арасында инвесторларына ең жоғары табыс әкелді. BIST 100 индексі 2022 жылы 196,57%-ға өссе, оның ең жақын бәсекелесі Аргентиналық «S&P Merval» 135,28%-ға көтерілді. Өткен жылы АҚШ, Қытай және Еуропаның негізгі қор нарықтарында шығын болды.

Стар газеті  «Анталия 2023 жылға жылдам кірді» деген тақырып қолданған. 2022 жылды әуе қатынасы арқылы келген 13 миллионнан астам туристпен аяқтаған Анталия 2023 жылдың алғашқы күнінде 64 ұшақпен 9 мың 27 турист қабылдады. Өткен жылы қалаға ең көп келген неміс туристерінің орнын бірінші күні ресейлік туристер алды.

Ватан газеті «Стамбул әуежайы 2022 жылы Еуропаның шыңында» деген хабарға орын берген. Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) 2022 жылғы деректері бойынша Стамбул әуежайы күніне орта есеппен 1156 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істеген әуежай атанды.



Ұқсас жаңалықтар