Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1925579
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Акар: Сириялықтарға қарсы әрекет жасауымыз мүмкін емес» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Мәскеуде қорғаныс министрлері мен барлау басшылары арасында өткен үш жақты кездесуге қатысты. «Түркия мен Сирияда тұратын сириялық бауырларымызға қарсы әрекет жасауымыз мүмкін емес. Оларды қиыншылыққа ұшырататын әрекет жасамадық» деді ол.

Хүрриет газеті  «Соңы жақсы болмайды» деген тақырып қолданған. Грек баспасөзіндегі аумақтық сулардың 12 мильге дейін ұлғайтылатыны туралы хабарға байланысты Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Эгейде аумақтық сулардың 12 емес, 1 мильге де кеңеюіне рұқсат бермейміз. Парламентіміз 1995 жыл қабылдаған шешім анық және әлі де жарамды. Біз сізге тағы бір рет ескертеміз. Соңы жақсы болмайды» деді.

Стар газеті «АҚШ-тан Ердоған мойындауы» деген хабарға орын берген.  АҚШ-та орналасқан «Atlantic Council» сараптама орталығы президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей-Украина соғысындағы саясатына жоғары баға берді. Жарияланған мақалада «Ердоған болмағанда ашаршылыққа ұшырар едік» деп айтылған.

Сабах газеті «Ресей туристері Жаңа жылда Түркияны таңдады» деген хабар жариялаған. Ресейлік «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Түркия - жаңа жыл күні орыс туристтер келетін нөмірі бірінші жер.

Ватан газеті  «Цифрлық түрік лирасында алғашқы төлем» деген хабарға орын берген. Түркия Республикасының Орталық банкі «Цифрлық түрік лирасы» жобасының бірінші кезеңі аясында алғашқы төлем операцияларының сәтті аяқталғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар