Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Хабертүрік газеті «Ердоғанның әйелдерге «Түркия ғасыры» жолдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған әр салада әйелдердің армандарына жетуіне ерекше мән беретіндерін мәлімдеді. Кәсіпкер әйелдерге арналған қолдау пакетін түсіндірген Ердоған «Әйелдеріміз соңғы 20 жылда жүзеге асырған реформаларымыз бен еліміздің демократия мен даму серпілістеріне үлес қосып келеді. Сіздермен Түркия ғасыры бағдарламасын бірге қалыптастырамыз» деді.
Йени Шафак газеті «Түркия халқы бір миллион 65 мың 911 адамға көбейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия халқы 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда бір миллион 65 мың 911 адамға артып, 84 миллион 680 мың 273 адамға жетті. 2021 жылы ерлер саны 42 миллион 428 мың 101, әйелдер саны 42 миллион 252 мың 172 болды. Елімізде 2021 жылы дүниеге келген сәбилерге қойылған есімдер қаралғанда ұлдарда Юсуф, қыздарда Зейнеп есімдерінің бірінші орында тұрғаны байқалды.
Стар газеті «Түркияның жаңа мұнай қаласы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террордан арылған Шырнақтағы Габар тауының етегіндегі мұнай кенішінде 5 ұңғымадан күніне 5 мың 300 баррель мұнай өндірілуде. 12 ұңғыманың іске қосылуымен тәулігіне 25 мың баррель мұнай өндірілмек. Сарапшылар резервтен 150 миллион баррель өндіруге болатынын атап өтті.
Сабах газеті «Түркия нөлдік қалдық қозғалыстың көшбасшысы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның климат өзгерісімен күресіне байланысты халықаралық аренада атқарылған барлық күш-жігерге оң үлес қосқанын білдірді. Алтун Түркияның жаһандық нөлдік қалдық қозғалыстың көшбасшысы екенін айтты.
Хүррийет газеті «BIST 100 индексі шыңға көтерілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Биржа Стамбул 100» (BIST) индексі аптаның алғашқы жұмыс күнін кеше 1,08 пайыздық өсіммен бастады. Ашылу кезінде индекс 56,32 ұпай артып, 5 270 бағасына ұласты. BIST 100 индексінің артынан Банк индексімен бірге көтерілуді жалғастырып, тарихи рекорд деңгейін 5362 ұпайға жеткізді.