Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1915191
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Еуропаға Түркияның дипломатиялық күші керек» деген хабарға орын берген. Стар газетінің бас редакторы Нух Албайрак Ресей-Украина соғысына байланысты Еуропаның қазір Түркия төңірегінде айналып жатқанын білдірді. Еуропаның Түркияның астық дәлізі мен энергетика саласындағы бастамаларына назар аударғанын атап көрсеткен Албайрак «Еуропа елдері Түркияның дипломатиялық күшіне мұқтаж» деді.

Хабер Түрік газеті «Октай: Түркияның бюджеті инвесторларды ынталандырады» атты хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жалпы кеңесінде  2023 жылға арналған үкіметтің бюджет заңы ұсынысы бойынша келіссөздер басталды. Вице-президент Фуат Октай бюджетті таныстыру барысында «Біздің бюджетіміз кәсіпкерлер мен инвесторларды ынталандырады» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Абдульхамид Хан кемесі бұрғылау жұмыстарын бастады» деген хабар жариялаған. Абдулхамид Хан бұрғылау кемесі Жерорта теңізіндегі «Tasucu-1» ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын бастады. Түрік мұнай корпорациясының Twitter парақшасында жасалған мәлімдемеде «Тәуелсіз энергия, Күшті Түркия мақсатымен жұмысты жалғастырамыз» делінді.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізуде» атты хабарға орын берген. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі аясында Түркия және Әзербайжан армиясы Баку, Астара, Жебрайыл және Имисли облыстарында жаттығу жұмыстарын бастады.Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.

Сабах газеті «Сириялықтар үйлеріне қайтуы үшін құрлық операцичны күтуде» деген хабар жариялаған. Түрік Қарулы Күштері мен Сирия ұлттық армиясы операция үшін бұйрық күтіп тұрғанда, Килистің арғы жағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG басып алған аймақтардан қаша басталды. YPG/PKK тарапынан өз жерлерінен Түркия шекарасына депортацияланған жүз мыңдаған адам Азез, Шехба және Тел Рифаттағы үйлеріне оралу үшін құрлық операциясын күтіп отыр.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар