Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1914622
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті ««Астық дәлізі» арқылы 13 миллион тоннадан астам астық тасымалданды» деген хабарға орын берді. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы салдарынан Түркияның «азық-түлік дағдарысы» қаупін жою мақсатында жасалған «астық дәлізі» арқылы 13 миллион тоннадан астам астық тасымалданды» делінді.

Йени Шафак газеті «Варанк: Түркия электрлендіруде алдыңғы қатардағы елдердің бірі болады» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Измирдегі автомобиль оталдыру катушкаларын шығаратын компанияның зауытына барып «Түркия электрлендіруде алдыңғы қатардағы елдердің бірі болады және біз осы жерден әлемге сататын өнімдермен қатар Түркиядағы өндірушілер өз өнімдерін осы жерден жеткізе бастайды» деген сөздер қолданды.

Стар газеті ««Bayraktar Kızılelma» әлем баспасөзінде орын алуда» деген хабар жариялаған. Түркияның алғашқы ұлттық ұшқышсыз жойғыш ұшағы «Bayraktar Kızılelma» әлем баспасөзінде орын алуда.

Хабер Түрік газеті «Түрік лирасымен жасалған  экспорты қараша айында жылдық негізде 114 пайыз өсті» атты хабарға орын берген. Түркияның түрік лирасымен экспорты қараша айында өткен жылдың бірдей мезгілімен  салыстырғанда 114 пайыз артып, 15 миллиард 679 миллион лираға жетті.

Хүрриет газеті  «Стамбул әуежайы Еуропада біірнші  орында» деген хабар жариялаған. Соңғы үш жылда жолаушылар саны бойынша Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орында тұрған Стамбул әуежайы 2022 жылдың 25 қарашасы мен 01 желтоқсаны аралығында күнделікті 1210 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды.

 



Ұқсас жаңалықтар