Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1912845
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Әлемдік көшбасшылыққа көтерілу жолымыз ашық» деген хабарға орын берді. Ердоған Анкарада Түркия Қонақүйшілер федерациясының 7-ші кезекті бас ассамблеясында сөз сөйледі. Ердоған баяндамасында «Түркияның туризмде 2021 жылы турист санында әлемде төртінші орында, туризм табысында сегізінші орында болуы биыл жетістіктің одан да жоғары болатынының хабаршысы» деді. Түркияның әлемнің барлық сұлулығын бойына жинаған ел  екенін айтқан Ердоған көптеген қаланың өз алдына туризм құндылығы  екенін атап көрсетті. «Біз туризмдегі шәкірттік кезеңімізді аяқтадық, біз шеберлік кезеңіндеміз» деді ол.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Соғыс болған кезде де дипломатияны жалғастыруға болады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы өткен Бухаресттегі Аспен институты-Германия Маршалл қоры форумында сөз сөйледі. Чавушоғлу сөзінде Ресей-Украина соғысы көршілес елдерге де әсер еткенін білдіріп, «Бос сөз айту арқылы мәселені шешу мүмкін емес. Бейбітшіліктің әділ жолмен орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Соғыс болған кезде де дипломатияны жалғастыруға болады» деді.

Хүрриет газеті «Калын құрлық операциясы жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-ге қарсы жасалуы ықтимал операцияға қатысты «Ертең, келесі аптада немесе кез-келген уақытта болуы мүмкін» деді.

Йени Шафак газеті «Сабиха Гөкченге Жылдың цифрлық әуежайы сыйлығы берілді» атты хабар жариялаған. Стамбул Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы «Bluesky Awards» 2022 жылының Авиация  жүлделері категориясында «Жылдың цифрлық әуежайы» болып таңдалды.

Стар газеті «Әлем чемпионатының матчтарын THY ұшақтарында да көруге болады» деген хабарға орын берген. 20 қарашада Катарда басталған 2022 футболдан әлем чемпионатының матчтары Түрік Әуе Жолдары (THY) ұшақтарында да көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар