Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1912285
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті «Ешкімнен рұқсат алмағанымыздай, ешкімге есеп те бермейміз» деген хабар жариялаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасап, «Еліміздің шекарасын 30 шақырымдық қауіпсіздік жолағымен қорғау туралы шешіміміз басымыздан өткен әрбір оқиғадан кейін орныға түсуде. Мыңдаған километр алыстан келіп, террорист пен бейбіт халықты бір-бірінен ажыратпай қырып жойып жатқандар Түркияның сезімталдығына құрметпен қарауы керек. Біз ешкімнен рұқсат алмаймыз, ешкімге де есеп бермейміз. Террор ұйымын атын өзгерту арқылы түрлі ойындарымен оларға қолдау беріп отырғандардың екіжүзділігіне де шыдай алмаймыз» деді.

Стар газеті «Президент Ердоғаннан Ислам әлеміне «Грекия» шақыруы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты комитетінің 38-ші отырысының ашылу бағдарламасында сөйлеген сөзінде «Ислам әлемі Грекияда зұлымдыққа ұшыраған бауырларымыздың жағдайына көрермен болып қалмауы керек.  Грекиядағы бауырларымыздың фондтары мен мал-мүліктері тәркіленуде,  ана тілдерін үйренулеріне рұқсат бермей отыр, бұған қарап қала алмаймыз» деді.

Хүрриет газеті болса Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Мысыр қарым-қатынастарына қатысты «Алдағы айларда елші тағайындалуы мүмкін» деді.

Сабах газеті «Террорға ауыр соққы» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігінде жүргізген «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Бейбітшілік бұлағы» операцияларында 6 жылда 16 мың 913 террорист залалсыздандырылды.

Йени Шафак газеті «Көгілдір байрақта алда келеміз» деген тақырып қолданған.  Көгілдік байрақта Испания және Грекиядан кейін үшінші кезекте орын алған Түркияда көгілдік байрақты жағажай саны 2020 жылы 486-ға, өткен жылы 519-ға, биыл да 531-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар