Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1911827
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Түркияның өз қауіпсіздігі үшін әртүрлі шараға толық құқығы бар» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған террорға қарсы шекарадан тыс әскери операциялар туралы Түркияның өз қауіпсіздігі үшін шекарадан тыс белгілеген аймақтарда әртүрлі шараға толық құқығы бар екенін және бұл құқығын жүзеге асыруға ешкімнің кедергі жасай алмайтынын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Израиль ақпарат құралдары: Түркияны тоқтататын күш жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда PKK Стамбул және Газиантепте жасаған шабуылдардың артынан Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әуе операциясы мен президент Ердоғанның құрлық операциясы туралы хабарламасы әлем баспасөзінде кең орын алды. «Haaretz» газетіне талдау жасаған  Зви Бар атты отставкадағы израильдік бір әскери лауазымды Түркияның Сирия операциясына дайын екенін және АҚШ-тың оған тосқауыл бола алмайтынын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Қаратеңіз газынан жақсы хабар келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіз аймағындағы Сакария табиғи газ кен орнына көрші аймақтағы «Чайчума-1» ұңғымасы туралы жақсы жаңалық бар екенін білдірді. «Чукурова» аймағында үшінші мұнай ұңғысының бұрғыланғанын және шамамен 8-10 миллион баррелдік бір резерв бар екенін айтқан Дөнмез «Су деңгейіне жақын тереңдікте мұнай таптық, бұл үлкен нығмет» деді.

Стар газеті «Түркияның Сауд Арабиясы мәлімдемесі: Келістік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Сауд Арабиясы Сауда министрі Маджид Бин Абдулла Әл-Касабимен бас қосты. Небати кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық, сауда және қаржы ынтымақтастығын бағалағанын атап, «Құрметті министрмен ынтымақтастығымызды осы бағыттарда одан әрі дамыту туралы келістік» деді.

Cабах газеті «8-ші Дүниежүзілік халал саммиті мен 9-шы ИЫҰ Халал Экспо көрмесі аяқталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул көрме орталығында өткен «8-ші Дүниежүзілік халал саммиті» кеше аяқталды. 40-қа жуық елден 500-ге жуық компания стендтерімен қатысқан «Халал Экспо» көрмесінде биыл 1 миллиард еуро бизнес көлеміне қол жеткізу көзделеді. Көрмені осы уақытқа дейін 40 мыңнан астам жергілікті және шетелдік тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар