Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1911064
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде «Ұстаздарымызға кім қол көтерсе, көзін жоямыз. Біз бұл күресті елімізге қарсы террорлық қауіп толығымен жойылғанша жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Вице-президент Октай: Терроризмнің барлық элементтерімен күресуге бел байладық» атты хабар жариялаған. Вице-президент Фуат Октай кеше астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде «Хатайдан Хаккариге дейінгі оңтүстік шекараларымыз арқылы барлық террор элементтерімен күресуді табанды түрде жалғастырамыз» деп көрсетті.

Сабах газеті «Министр Чавушоғлу Финляндия Сыртқы істер министрі Хаавистомен сөйлесті» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында НАТО-ның кеңеюі, Украинадағы соңғы жаңалықтар және астық келісімі талқыланды.

Хүрриет газеті «Министр Акар Ресей әріптесі Шойгумен сөйлесті» атты хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды.

Йени Шафак газеті «Отандық автокөлік TOGG-де жаппай өндіріс жалғасуда» деген хабар жариялаған. Түркияның отандық және ұлттық көлігі TOGG-ның  жаппай өндірісі жалғасуда. 29 қазанда Республика күнін тойлаған ашылу жаңғырығы әлі жалғасып жатқанда, зауыттан 227-ші отандық көлік шықты. TOGG-ның халықаралық техникалық біліктілік сынақтары аяқталғаннан кейін көліктер 2023 жылдың наурыз айында жолға шығады деп күтілуде.

 

 



Ұқсас жаңалықтар