Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды тақырыптарға орын берген.

1910410
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: Құрлықта да террористтерге соққы енгіземіз» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының  мәжілістегі жиналысында Сирияда жаңа құрлық операциясы бола ма? деген сұраққа «Әуе операцияларын үзіліссіз жалғастыра отырып, ең ыңғайлы уақытта құрлықтағы террористтерге де соққы енгіземіз» деп жауап берді.  

Стар газеті «Министр Акар: Олар Түрік Қарулы күштерімен ешқандай ойын болмайтынын көреді» деген тақырып қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Пенче-кылыч» операциясы әуе және құрлықтан  атыс қолдау көліктерімен жалғасуда. Операцияда осы уақытқа дейін 471 нысан атқыланып, 254 террорист залалсыздандырылды. Олар Түрік Қарулы күштерімен ойын ойнауға болмайтынын көреді» деді.

Сабах газеті «Отандық жауынгерлік ұшақта соңғы кезең» деген хабар жариялаған. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир кеше Twitter-де отандық әскери ұшақ туралы айтып, ұшақтың соңғы кезеңге жеткенін және жақын арада ангардан шығатынын білдірді.

Хабер Түрік газеті «OECD түрік экономикасының биылғы жылдың соңына дейін 5,3 пайыз өсетінін айтты» деген хабар жариялаған.

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (OECD) түрік экономикасының биылғы жылдың соңында 5,3 пайыз, келесі жылы 3 пайыз өсетінін хабарлады.

Ватан газеті «Министр Муш жариялады: 225 миллиард доллардан асты» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда,  ТР Сауда министрі Мехмет Муш «Кешегі деректерге сәйкес, 2021 жылғы 225,2 миллиард долларлық  жалпы экспорт көрсеткішінен асып түстік. Елімізге сәттілік тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар