Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1904094
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Террористтерді қолдауды доғарыңдар» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше қабылдаған Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонға «террористерді қолдауды доғарыңдар» деген үндеу тастады. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі террористтердің Швеция көшелерінде террор шүберектерімен жүргенін атап көрсеткен Ердоған «Террор ұйымдарының Швецияның демократиялық ортасын пайдалануына тосқауыл қою керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Чавушоғлу: Астық пен тыңайтқыш экспортындағы кедергілер толық жойылған жоқ» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдемесінде Ресейдің астық және тыңайтқыш экспорты жолындағы кедергілердің толық жойылмағанын айтып, «Ресейдің үмітін ақтау үшін қандай қадамдар жасалатынын талқылаймыз» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Өмер Челиктен Макронға наразылық » деген хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Түркияны Африкадағы империалистік күш деп айыптаған Франция президенті Эммануэль Макронға наразылық білдірді. Челик «Француз фирмалардың Франция мекемелерімен байланысты түрде  Сирияда ДАИШ пен PKK-ға қолдау көрсеткені анықталды. Осы себепті Макрон мырзаның түрік ұлтынан кешірім сұрауы керек еді, керісінше Түркияны «империалистік держава» деп айыптауы үлкен қателік» деп көрсетті.

Сабах газеті «Министр Дөнмен: Қаратеңіз газ құбыр желісінің  97 пайызы аяқталды» атты хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Қаратеңіз газын құрлыққа жеткізу үшін теңіз астында салынған құбырдың 97 пайызы аяқталды. Наурыз айының аяғына дейін алғашқы газ жүйесін жеткіземіз» деген сөздерге орын берді.

Стар газеті ««Жаңғақ ағашы» «Үздік фильм» жүлдесін алды» деген хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрлігі мен Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) қолдауымен түсірілген фильм 27-ші Адана кинофестивалі, Торино Андерграунд кинофестивалі, Балкан Панорама кинофестивалі және 6-шы Лондон Қала жүлделері фестивалі сияқты көптеген фестивальдерден жүлдемен оралды. Режиссер Файсал Сойсалдың «Жаңғақ ағашы» фильмі 6-шы Халықаралық Бразилия кинофестивалінде «Үздік фильм» жүлдесіне ие болды.



Ұқсас жаңалықтар