Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1903058
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияның жетістігін сараптады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің астық келісімінен шығуының артынан Ресей президенті Владимир Путин мен президент Режеп Тайып Ердоғанның әңгімелесуінен кейін келісімге қайта қосылуын талдаған "Financial Times газеті" Ердоғанның рөліне назар аударып «Президент Ердоғанның мүмкіндіктері көп» деген пікір білдірді.

Сабах газеті «Түркияға алғысымыз шексіз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар дәнді дақыл дағдарысындағы рөлінен бастап, тұтқындарды алмасу және басқа да салалардағы бейбіт талпыныстар үшін Украина халқының Түркияға шексіз алғысын білдіргенін айтты.

Йени Шафак газеті «Түркия орман өсіруден Еуропада бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджи Түркияның орман өсіретін елдер арасында Еуропада 1-ші, әлемде 4-ші ел екенін мәлімдеді.

Ватан газеті «ТҚК жасақтары Әлем чемпионаты үшін Катарда қызметін бастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Катардағы FIFA 2022 әлем чемпионатының қауіпсіздігіне тағайындалған Түрік Қарулы күштері (ТҚК) Біріккен жұмыс тобы күштері құрамында жұмыс істей бастады.

Хүррийет газеті «Орыстардың таңдауы Түркия болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жариялаған статистикаға қарағанда, шілде-тамыз-қыркүйек айлары арасында 9 миллион 710 мың ресейлік басқа елдерге кеткен. Ресейліктер ең көп таңдаған екінші ел Түркия болды.



Ұқсас жаңалықтар