Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1897889
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Чавушоғлу: Ливиядағы заңды үкіметпен жұмыс жасай отырып, азаматтық соғыстың алдын алдық» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін 8-ші Халықаралық Дакар форумы аясында ұйымдастырылған Африкадағы жаһандық дағдарыстар және егемендікті нығайту сессиясында сөз сөйледі. Африка Одағы мен басқа аймақтық ұйымдардың да Түркияның стратегиялық серіктесі екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Ливиядағы азаматтық соғыстың алдын алып, заңды үкіметпен жұмыс істей алдық» деді.

Йени Шафак: «Шентоп: Түркия Қырымның аннексиясын мойындамайды» атты хабар жариялады. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның Қырымның аннексиясын мойындамағанын және мойындамайтынын білдіріп, «Түркия Украина мен Қырым татарларына екіжақты және көпжақты платформаларда қолдау көрсетуді жалғастырады» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Энергия министрі Дөнмездің энергетика базасы хабарламасы» атты хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Ресейдің табиғи газы үшін Түркияда энергетикалық база құру жоспарында принципті келісімге қол жеткізілгенін және Түркияның да өз үлесін қоса бастағанын хабарлады.

Сабах газеті «Ресейден Түркия мәлімдемесі» деген хабар жариялаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркияның газ сауда орталығына айналуы үшін талпыныс жүргізіліп жатқанын білдіріп, «Түркия ағынының қуатын арттыру үшін маңызды әлеуеті бар» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «SAHA EXPO 2022 қорғаныс авиациясы және ғарыш өнеркәсібі жәрмеңкесі басталды» деген хабар жариялаған. SAHA EXPO 2022 қорғаныс аэроғарыш өнеркәсібі жәрмеңкесі Стамбулда есігін ашты. Жәрмеңкеде Түркияда тұңғыш болып табылатын ұшқышсыз соғыстың болашақ концепциясы үшін шығарылған «Сарбот» атты роботтық қару таныстырылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар