Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1891705
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Чавушоғлу Грекияға үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның Эгей аралдарын қаруландыруына қатысты «Грекия бұрынғыдай аянышты жағдайға түсті. Олар әдеттегідей барып шағымданады» деді. Грекияға үндеу тастаған Чавушоғлу «Келіңіз, аралдардың қарусыздануын Халықаралық Сотқа жеткізіңіз» деді.

Стар газеті «Польша армиясына «Bayraktar TB2» Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары» атты хабар жариялаған.  Польша Қорғаныс министрінің орынбасары Войцех Скуркевич жергілікті және ұлттық түрік Қарулы ұшқышсыз әуе аппаратты «Bayraktar TB2»-нің осы айда армияда қолданылатынын мәлімдеді. «Біз бұл ұшқышсыз ұшақтардың нақты қауіптер мен нақты шайқаста қалай жұмыс істейтінін бақылап жатырмыз» деген Скуркевич «Бұл қарулы күштерді жаңғыртудың өте маңызды элементі» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Дөнмез: Біздің ел табиғи газда маңызды рөл атқара алады» атты хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның көрші елдерден Батыстағы нарықтарға табиғи газ жеткізуде маңызды рөл атқара алатынын айтты.

Фатих Дөнмез Германияның бас қаласы Берлинде 4-ші Түрік-Германия Энергетика форумында сөйлеген сөзінде Ресей-Украина соғысы және жаһандық инфляцияның артуы салдарынан әлемнің қиын энергетикалық дағдарыспен бетпе-бет келгенін айтты.

Хабер Түрік газеті «Түрік шайы ең көп Бельгияға экспортталды» деген хабар жариялаған. Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының  деректеріне қарағанда Түркиядан қаңтар-қыркүйек аралығында 106 елге, автономиялық аймақтарға және еркін аймақтарға 4 мың 870 тонна шай жөнелтілді. Аталмыш экспорттан 16 миллион 595 мың 194 доллар кіріс түсті.Осыған сәйкес 9 айлық шай экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 42 пайыз, құндық жағынан 26 пайыз өсті.

Йени Шафак газеті «Әлемге әйгілі әнші Стейси Кент AKM-ге тәнті болды» атты хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрлігі үшінші рет ұйымдастырған «Бейоғлу мәдениет жолы фестивалі» аясында Америкалық джаз әншісі Стейси Кент Ататүрік мәдениет орталығында (AKM) музыка сүйер қауыммен кездесті. Концертте сөйлеген сөзінде Кент AKM-ге барғанын, оны ұнатқанын және әлеуметтік желідегі аккаунтында бөліскенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар