Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1891297
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Жерорта теңізінің шығысы үшін Еуроодаққа шақыру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Әрбір платформада болғандай Чехияның бас қаласы Прагада Еуропалық басшыларға Жерорта теңізінің шығысы мен Эгей мәселелерін халықаралық құқық аясында шешкіміз келетінін айттық» деді. Президент «Біз Еуроодақ бұл мәселе бойынша әділетсіз және заңсыз бастамаларды қолдаудың орнына сұхбаттасушыларымызды екіжақты негізде келіссөзге шақырады деп күтеміз» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған: Еуропа қысты қалай өткізетінін ойлауда. Біздің ондай проблемамыз жоқ» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропадағы энергетикалық дағдарысына қатысты соңғы Прага саммитінде Еуроодақ көшбасшыларының биылғы қысты қалай өткізетінін тілге тиек еткенін атап «Оларға бізде мұндай мәселеміз жоқ екенін айттым» деді. Ердоған келесі жылдың басында Қаратеңізден табиғи газды өндіре бастаған кезде, Түркияның одан да жеңілдейтінін білдірді.

Стар газеті «Михкелсон: Ердоғанның Путинге айтатын әсерлі сөздері болуы мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эстония Парламенті Сыртқы істер комитетінің төрағасы Марко Михкелсон Түркияның араағайындық рөліне назар аударды. Михкелсон «Президент Ердоған соңғы кезде соғысып жатқан тараптарды (Ресей-Украина) келіссөз үстеліне отырғызып, маңызды дипломатиялық қадамдар жасады. Ядролық қаруға қатысты да Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинге айтатын әсерлі сөздері болуы мүмкін» деді.

Йени Шафак газеті «Жерорта теңізінің шығысындағы газдың ең тиімді жолы Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі орынбасары Мэтью Брайза Жерорта теңізінің шығысындағы табиғи газдың Еуропаға тасымалдауында коммерциялық тұрғыдан ең қисынды нұсқасы Түркия арқылы өтетін бір құбыр желісі болу керектігін атап көрсетті. Брайза «Басқа жолдар өте қымбат және тартымсыз болады» деді.

Хабертүрік газеті «Түркия оң бағытта ерекшеленуді жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати «Түркия экономикалық моделімен қол жеткізген жоғары өсу және жұмыспен қамтуды арттырудың арқасында әлем экономикаларынан оң бағытта ерекшеленуді жалғастырудамыз» деді. Небати Түркиядағы жұмыссыздық деңгейінің бір санды деңгейге шегеретінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар