Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1890713
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған: Соңғы 20 жылда барлығы 164 мұражайды толықтай жөндеуден өткіздік» деген хабар жариялаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Стамбулда Мимар Синан атындағы көркемөнер университеті «Стамбул сурет және мүсін» мұражайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Соңғы 20 жылда жөндеу және реставрация жұмыстарын жүргізіп, 164 мұражайды толығымен жаңарттық. Елімізде 56 мұражай жаңадан ашылды. 18 мұражай жаңадан салынған ғимараттарына көшірілді» деді.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда, кеше Францияның Страсбург қаласында түрік азаматтарымен кездескен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Біздің басымдықтарымыз бар, Сириядан Ливияға дейін Түркияның құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндеттіміз» деді.

Сабах газеті «Түркияның Германияға экспорты ең жоғары деңгейде» деген тақырып қолданған. Түркияның Германияға экспорты 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайыз артып, 14 миллиард 258 миллион долларға жетті. Бұл - қаңтар-қыркүйек аралығында тіркелген тарих бойғы ең жоғары көрсеткіш.

Стар газеті «Әлемнің ең үздігі Түркияда! Жолаушылар саны 51 пайызға артты» деген хабар жариялаған.

Әлемнің ең үздік әуежайы болып таңдалған Стамбул әуежайында 47 миллион 572 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу транзиттік жолаушыларды қосқанда жалпы жолаушы ағынының қаңтар-қыркүйек кезеңінде 51 пайызға артып, 138 миллионнан асқанын мәлімдеді.

Хабер Түрік газеті Ұлттық ампутант командасының әлем чемпионы атанғанын хабарлаған. 2022 жылғы әлем чемпионатының ақтық сайысында Түркияның ампутант ұлттық құрамасы Анголаны 4-1 есебімен жеңіп, тарихында тұңғыш рет чемпион атанды. Өмер Гүлерюз, Рахми Өзджан (2) және Серкан Дерели түрік құрамасына кубок әкелген голдардың авторы атанды.



Ұқсас жаңалықтар