Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1888640
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Грекияға қажетті қадам басамыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиске наразылық көрсетті. Ердоған «Грекия премьер-министрі (Кирякос Мицотакис) ортаға шығып, Америка Құрама Штаттарынан көмек сұрауды. Не істесең істе, біз әрқашан қажетті қадам басамыз және басуға дайынбыз» деді.

Стар «Түркия БҰҰ-на хат жазды» атты хабар жариялаған. Біріккен Ұлттар Ұйымына Эгей теңізінің шығысындағы аралдардың әскери емес мәртебесі туралы соңғы хатында Түркия Грекияның негізсіз тезистерін күшті заңды дәлелдермен жоққа шығарды. Хатта «Түркия Грекияның негізсіз пайымдауларын түбегейлі түрде қабылдамайды» делінген. 

Хүрриет газеті «Түркия Еуропа Одағы мен Грекияға наразылық көрсетті» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич Еуропа Одағы (ЕО) мен Грекияның Түркия мен Ливия арасында көмірсутектер саласында қол қойылған келісім меморандумына қатысты мәлімдемелеріне жауап беріп, «Келісім туралы Грекия мен ЕО мәлімдемешілері тарапынан жасалған мәлімдемелердің еліміз үшін ешқандай маңызды емес және құны да жоқ» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия болашақтың армиясын құруда» атты хабарға орын берген. Алдымен Әзірбайжанның Арменияны жеңуінде, одан кейін Ресейдің Украинаны басып алу әрекетінде Түркияның отандық және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары үлкен рөл ойнады. Барша әлем Түркияның ұшқышсыз әуе аппараттарына назар аударуда. Америкада шығатын «Forbes» журналы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі қадамдарын сараптады. «Forbes» сарапшысы Амир Хусейн «Түркия гипер соғыс қабілеті бар армия құруда» атты талдау жариялады.

Хабер Түрік газеті «Небати: 21 ғасыр Түркия ғасыры болады» деген хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Түрік экономика үлгісінің әлемге үлгі болатынын айтты. «Өсеміз, жұмыс істейміз, өндіреміз, жұмыспен қамтамасыз етеміз» деген Небати 21-ші ғасыр Түркияның ғасыры болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар