Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1888107
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түркия ғасырын бірге саламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Стамбулда ұйымдастырылған «Қаржы стратегиясы құжатының тұсаукесер жиналысында» мәлімдеме жасады. Жаһандық өзгерістерге байланысты біраз уақыттан бері өзін сездірген инфляциялық ауырпалық мәселесін еңсеру арқылы “Түрік ғасырын бірге саламыз” деп үміттенемін» деді.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Еш ойланбастан Ливияның жанында боламыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше ресми сапары аясында Ливияға барды. Бас қала Триполиде Түркияның қиын-қыстау уақытта еш ойланбастан Ливия мен ливиялықтарды жалғыз қалдырмайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу Түркия мен Ливия арасында көмірсутек саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын да хабарлады.

Стар газеті «Ұлыбритания өз жауапкершілігін орындамайды, біз сенетін жалғыз ел - Түркия Республикасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне қарсы қару эмбаргосын жою тақырыбында Ұлыбританияның да кепілгер ел ретінде жауапкершіліктері болғанын тілге тиек еткен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар «СКТР ретінде біз сенетін жалғыз ел - Түркия Республикасы» деді.

Хабертүрік газеті «Памуккалеге 9 айда 1 миллион 557 мың адам барды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денизлидің әлемге танымал туризм орталығы Памуккале 2022 жылдың 1 қаңтары мен 30 қыркүйек аралығында 1 миллион 557 мың 851 келушіні күтті.

Йени Шафак газеті «Измирдегі «Яссытепе» қазба орнынан 5000 жылдық тостаған табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Измирдің Борнова ауданындағы Йешилова қорғанында жүргізілген «Яссытепе» қазба орнынан 5000 жылдық терракотадан жасалған тостаған табылды. Қазба тобының жетекшісі, доцент доктор Зафер Дерин қалдықтарды зерттей отырып, 5 мың жыл бұрынғы тағамдар мен тағам мәдениеті туралы жаңа мәліметтерге қол жеткізуді мақсат еткендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар