Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1887619
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әлем баспасөзі президент Ердоғанды мақтады» деген хабарға орын берген. АҚШ-та шығатын  «Politico» газеті президент Режеп Тайып Ердоғанның астық дәлізі және тұтқындарды ауыстыру келісіміндегі дипломатиялық талпыныстары мен табыстарын мақтаған мақала жариялады. Саясаттанушы Натали Точчи жазған мақаласында жаһандық ауқымдағы маңызды келісімдердің Түркияның арқасында жасалғаны атап өтілді.

Сабах газеті «Түркия мен АҚШ арасындағы маңызды байланыс» атты хабар жариялаған. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен Стамбулда кездесті. Кездесу барысында F-16-ға қатысты процестің аяқталуы екі елдің стратегиялық мүдделеріне қызмет ететіні баса айтылды.

Йени Шафак газеті «Израиль премьер-министрі Лапид: Түркияға елші тағайындау маңызды қадам» атты хабарға орын берген. Елінің Түркияға елші тағайындалуына қатысты мәлімдеме жасаған Израиль премьер-министрі Яир Лапид «Бұл Түркиямен қарым-қатынасты жақсартуда маңызды қадам» деді.

Хүрриет газеті «Зеленскийден Селчук Байрактарға мемлекеттік орден» деген хабар жариялады. Украина президенттік кеңсесінің басшысы Андрей Ермак делегациясымен Өздемир Байрактар ұлттық технология орталығына барды. Ермак «BAYKAR» технология төрағасы Селчук Байрактарға Украина президенті Владимир Зеленский берген Мемлекеттік Құрмет орденін табыс етті.

Хабер Түрік газеті «Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 11 миллионнан асты» атты хабарға орын берген. Әлемнің түкпір-түкпірінен Анталияға туристер келуде. Антальяға 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында әуе арқылы келген шетелдік турист саны 11 миллион 27 мың 94 болды.

 



Ұқсас жаңалықтар