Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1885670
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Батыстан келетін қолдау Грекияны құтқара алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған аралдарды қаруландырған Грекияға қатаң наразылық көрсетті. Батыс Фракия мен аралдарда үйілген қару-жарақтардың Түркия үшін ештеңені білдірмейтінін атап көрсеткен Ердоған «Біздің күш-қуатымыз бен мүмкіндіктеріміз бұдан әлдеқайда жоғары. Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Еуропаның қолдауы сізді құтқарады деп ойлайсыз ба? Құтқара алмайды!» деді.

Стар газеті «Литва: Түркия үшін мүмкіндік туды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Еуропаға жақындығының маңыздылығын арттырғанын және көптеген салаларда маңызды рөл атқаратынын атап көрсеткен Литваның Түркиядағы елшісі Рикардас Дегутис «Литва мен Түркия арасындағы ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктер тудырады» деді. Литва парламентінің мүшесі Риманте Саласевичите болса инвестиция тақырыбында Түркиямен батыл қадамдар басу керектігін мәлімдеді.

Сабах газеті «Түркия Еуропаның инновациялық орталығы болуды мақсат етеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның жел энергиясы саласында Еуропа мен аймақтың жаңа өндіріс пен инновация орталығы болуды мақсат етіп отырғанын атап көрсетті. Дөнмез Түркияның Еуропадағы ең үлкен 5-ші жел құрылғылары өндірушісі екенін атап, «2021 жылы 50-ге жуық елге шамамен 1,5 миллиард еуро жел турбиналары мен жабдықтарын экспорттадық» деді.

Хүррийет газеті «Әлемге әйгілі экономистер Түркияда бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрлігінің қонақжайлығында өтетін «Экономикалық трансформация саммиті» аясында Стамбулға әлемнің алдынғы қатарлы экономистері келмек. 29 қыркүйек бейсенбі күні басталатын саммитте 12-ден астам елдің беделді ғалымдарының қатысуымен көптеген тақырыптар, әсіресе жаңа жаһандық экономикалық тәртіп тудырған мүмкіндіктер талқыланады.

Йени Шафак газеті «Араб жастарының сүйіктісі – Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Азияның батысы мен Африканың солтүстігінде 17 елде 3 мың 400 адаммен жүргізілген «Араб жастары сауалнамасы» Түркияның жастардың сүйіктісі екенін көрсетті. Сауалнама араб жастарының АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты батыс державаларына керісінше Түркия, Қытай және Ресейді өздеріне жақын деп есептегенін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 77 пайызы Түркияның мықты бір одақтас екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар