Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1885019
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Грекия бізге тең емес» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі үкімет отырысынан кейінгі мәлімдемесінде Грекияның Эгей теңізіне әскери жабдық жөнелтуіне тоқталып: «Афина әкімшілігі арандатушылықты тоқтатуы керек» деді. Президент Ердоған "Грекия ешбір жағдайда біздің теңіміз емес. Грек басшылары бұған жауап береді" деді.

Хүрриет газеті «Министр Акар терроризммен күресте табандылыққа баса назар аударды» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше жасаған мәлімдемесінде терроризммен күрестің үлкен табыспен жалғасып жатқанына тоқталып, 2015 жылдың 24 шілдесінен бері 36 мың 143 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

Йени Шафак газеті «Біздің мақсатымыз Путин мен Зеленскийді жақындастыру» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше Жапонияда жасаған мәлімдемесінде Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Президентіміз (Режеп Тайып Ердоған) (Ресей президенті Владимир) Путинмен және (Украина президенті Владимир) Зеленскиймен байланыстарын жалғастырады. Біздің мақсатымыз - екі көшбасшыны жақындастыру және басшылар деңгейінде шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету» деді.

Сабах газеті «OECD түрік экономикасының өсу болжамын көтерді» деген хабар жариялаған. Хабарда «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) Түркияның биылғы өсу болжамын 3,7 пайыздан 5,4 пайызға көтерді» деп айтылған.

Стар газеті «Түріктерде ең  сапалысы бар» деген хабар жариялаған. Оңтүстік Африка Республикасы Бас штаб төрағасы генерал Рудзани Мафванья Түркиямен ынтымақтастықты асыға күтетіндерін білдіріп, «Түрік қорғаныс өнеркәсібінің мүмкіндіктерінен хабардармыз. Түрік қорғаныс өнеркәсібі ең сапалы платформаларға ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар