Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1884474
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Көптеген басшы қазір пайызды төмендетудің пайдасы туралы айтып жатыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда сөйлеген сөзінде «Түрік экономика моделінің мақсаты – елімізді инвестиция, жұмыспен қамту және ағымдағы шоттың профицитімен өсіру. Еліміз жүзеге асырып жатқан экономикалық үлгіні қатты сынға алатындар бізбен бірдей бағытта бет алды. Көптеген басшы қазір пайызды төмендетудің пайдасы туралы айтып жатыр» деді.

Стар газеті «Түркияға алғыс» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Түркия Республикасы билігінің Солтүстік Кипрдің тарихи күресінде көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

Хүррийет газеті «Грекияның Эгейде үлкен арандатушылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекия халықаралық құқықты елемей, Эгейдегі аралдарға броньды көліктерін жіберді. Түрік Қарулы күштеріне тиесілі пилотсыз ұшақтар Афинаның Лесбосқа 23, Самосқа 18 бронды көлік жөнелткенін анықтады.

Сабах газеті «Отандық электр пойызы жолға шығады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу жолаушылар тасымалының биыл отандық электр пойызымен басталатынын мәлімдеді. Пойыздың аймақтық желілерде жұмыс істей алатынын айтқан Караисмаилоғлу «Қазіргі уақытта жылдамдықты сағатына 160 шақырымнан 225 шақырымға дейін арттыруды мақсат етіп отырмыз» деді.

Хабертүрік газеті «Түркияның туризм жұмақтарына деген қызығушылық әуежай жолаушыларының санынан көрініс тапты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның туризм жұмағына деген қызығушылық әуежай жолаушыларының санынан көрініп жатқанда биылдың 8 айлық кезеңінде Стамбул әуежайы шамамен 41 миллион, Анталия әуежайы 21 миллион, Измир Аднан Мендерес әуежайы 6,5 миллион және Муғла Даламан әуежайы 3 миллион жолаушыға қызмет көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар