Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1875757
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Грекиядан Эгейде жаңа арандатушылық» деген хабарға орын берген. Грекия өткен жылы Түркияның әуе кеңістігі мен аумақтық суларына барлығы 1616 заң бұзушылық пен қудалау жасаса, биылғы жылдың сегіз айында бұл көрсеткіш 1123-ке жетті. Түрік ұшақтары 14 түрлі оқиғада 3372 секунд радар құлыпымен қудаланды.

Сабах газеті «Босния басшысы Дзаферович президент Ердоғанды мақтады» атты хабар жариялаған. Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Сефик Дзаферович президент Режеп Тайып Ердоғанның 6 қыркүйек күні Босния және Герцеговинаға жасайтын ресми сапарының маңыздылығына назар аударып, «Сапар екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты арттыру тұрғысынан өті маңызды. Президент Ердоғанның Босния-Герцеговинаға және аймаққа жасаған әрбір сапары елдің тыныштығы үшін үлкен әсері бар» деп көрсетті.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Еуропа төрінде» атты хабарға орын берген. Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары Орталық және Шығыс Еуропадағы ең үлкен әскери жәрмеңкесі MSPO 2022-де орын алады. 6-9 қыркүйек аралығында Польшаның Кильце қаласында өтетін жәрмеңкеге Түркия екінші рет «Көшбасшы ел» ретінде қатысады.

Хабер Түрік газеті «Конияда түрік тарихына жарық түсіретін жаңалық» деген хабар жариялаған. Кониядағы Саватра көне қаласының қазба орнында алғаш рет исламға дейінгі түрік тарихына жататын, руна әліпбиінде «түрік» сөзі мен «түркоғлу» жазуы бар жазба табылды. Біздің заманымызға дейінгі 10-11 ғасырларға жататын жазба түрі 1071 жылға дейін Анадолыда болғанының дәлелі екені айтылды.

Йени Шафак газеті «Памуккалеге келушілер саны 64 пайызға артты» атты хабарға орын берген. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Памуккалеге 8 айдағы келушілер саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 64 пайыз артып 1 миллион 285 мың 990-ға жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар