Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1875071
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот (АҚЖЕС) әділ емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот шешімдеріне қатаң наразылық білдірді. Түркияның түнектегі күштердің бақылауында бағыт-бағдар белгілейтін ел емес екенін баршаға дәлелдегенін атап көрсеткен Ердоған «АҚЖЕС-тің шешімдері әділ емес, саяси. Түркияға келгенде саяси шешім қабылдаса, екінші жағынан Франция мен Германияға келгенде, өкінішке орай ол жақта теріс шешімдер қабылдайды» деді.

Ватан газеті «Ердоған: Түркия өсіп келе жатыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған әлем қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан осы уақытта ұлы және қуатты Түркияны салуға дайын екендерін айтты. Президент «Білімнен денсаулыққа, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына дейін әр салада қажетті құралдарға иеміз» деді.

Йени Шафак газеті «Алтун: Түркия-ЕО жақындасуы таңқаларлық емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Еуроодаққа (ЕО) мүшеліктің Түркияға әкелетін пайдасы болғандай, Еуроодақтың да Түркияның мүшелігінен мүддесі бар екенін айтты. Алтун «Әлем бара жатқан бағыт Түркия мен ЕО-ны бір-біріне жақындастырады. Осы бағытта келіссөздердің қайтадан қарқын алуы ғажап емес» деп бағалады.

Хүррийет газеті «Жаңартыла алатын энергия саласында рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жаңартыла алатын энергия саласында жаңа рекордтар жасалды. Шілде айы бойынша Түркияда 28 миллиард 491 миллион киловатт-сағат электр энергиясы өндірілді. Шілде айында Түркияда Күннен өндірілген электр қуаты 2 миллиард 7 миллион киловатт сағатпен рекорд жаңарса, желден өндірілген электр қуаты 4 миллиард 237 миллион киловатт сағатпен рекорд жасады.

Йени Шафак газеті «Тағы бір елден ‘Bayraktar TB2’-ге сұраныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Румынияның соғыс майдандарында аты аңызға айналған «Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көлігін Түркиядан сатып алғысы келеді. Румыния парламенті бекіткен жағдайда, түрік компаниясымен 18 дана қарулы пилотсыз әуе көлігін сатып алу үшін келіссөздер жүргізілмек.



Ұқсас жаңалықтар