Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспаксөзінің басты тақырыптары.

1874156
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Грекия Түркияға тең емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Грекия әуе кеңістігімізді, ұшақтарымызды, қудалаумен бастаған дұшпандық ұстанымын S-300 зымыран жүйесімен радарды бұғаттау сатысына көтеріп, НАТО мен одақтастарына қарсы шықты. Грекия саяси тұрғыдан да, экономикалық және әскери тұрғыдан да Түркияның теңі емес» деді.

Стар газеті «Түркия өзіне берілмегенді шығаруға қабілетті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияға F-35 әскери ұшақтарды бермеген Америка Құрама Штаттарына наразылық көрсеткен президент Ердоған отандық және ұлттық мүмкіндіктермен Түркияның өзіне берілмегенді шығару қабілетіне ие екенін атап «Бізге F35 әскери ұшағын бермейді екен, біз сатып алған (Ресейден) әуе қорғаныс жүйесіне (S-400) наразы екен, бізге бәрі бір. Бізден қызғанған өнімнің барлығын өңдеу қабілетіміз бар» деді.

Йени Шафак газеті «Ердоған: Түркия қайда барса да тыныштық әкеледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Түркияның аяқ басқан жерде тек бейбітшілік, достық және гүлдену әкелетінін айтты. Ердоған Африкадан Оңтүстік Америкаға дейін ғасырлар бойы қуғын-сүргінге ұшырап, өмірі мен мүлкі талан-таражға түскен қоғам қай жерде болса да, Түркияның ең адал серігі екенін айтты.

Ватан газеті «Еуроодақтан (ЕО) Түркияға дәнді дақыл келісімі үшін алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель бүкіл әлемнің жоғары инфляция мен қарыздардан туындаған қаржылық ауыртпалықтардың салдарынан туындаған проблемаларды бастан кешіп жатқанын мәлімдеді. Боррель: «Осының бәрі жүріп жатқанда, астық келісіміне қол қойылып, осы келісімнің орындалғанына қуандық. Біріккен Ұлттар Ұйымына және Түркияға алғыс айтамыз» деді.

Хүррийет газеті «TEKNOFEST басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Самсун Чаршамба әуежайында «TEKNOFEST авиация, ғарыш және технология фестивалі» басталды. Жұртшылық үлкен қызығушылық танытқан фестивальде отандық пилотсыз әуе көліктері, тікұшақтар мен ұшақтар көрсетілді. 4 қыркүйекке дейін жалғасатын Фестиваль аясында әртүрлі технология жарыстар мен шоулар өтеді. Авиациялық «Түрік жұлдыздары» мен «Соло түрік» акробаттық топтары ұшу қабілеттерін танытады.



Ұқсас жаңалықтар