Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1872699
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Біз шекарамызды қауіпсіз қылғанша күрес жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Сирияның солтүстігіне жасалуы мүмкін операцияға қатысты жасаған мәлімдемесінде «Оңтүстік шекараларымызды бір шеттен екінші шетке дейін 30 шақырымдық дәлізбен қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше, біздің күресіміз аяқталмайды. Әрдайым айтқандай, бір түнде кенеттен келуіміз мүмкін. Кез-келген жерге бара аламыз» деді.

Хабертүрік газеті «Түрік F-16 әскери ұшақтарының радарлары грек ұшақтары тарапынан бұзылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі ақпарат көздері Эгей теңізінде НАТО-ның әуедегі ерте ескерту AWACS ұшағы мен «Nexus Ace» оқу-жаттығу қызметін орындаған 2 түрік F-16 соғыс ұшағының 24 тамыз күні Грекияға тиесілі F-16 әскери ұшақтары тарапынан радарлары бұзылып қысымға ұшырағанын хабарлады. Түрік ұшақтарының да радарды құлыптау арқылы грек ұшақтарына қажетті жауапты қайтарғаны хабарланды.

Стар газеті «Пендаровский: Түркия ешқашан аймақ халықтарын бөлшектейтін көзқарасты ұстанған емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Македония президенті Стево Пендаровский Түркияның Балқанда аймақтағы халықтарды бөлшектейтін бір ұстанымды ешқашан қабылдамайтынын мәлімдеді.

Ватан газеті «Bayraktar TB2 рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік авиациясының тарихында тактикалық сабақта 27 сағат 3 минут әуеде қалып, ең ұзақ уақыт ұшу мен 27 мың 30 фут биіктікпен Түркия биіктік рекордын жаңартқан «Bayraktar TB2» 500 мың сағат ұшуы уақытымен түрік авиация тарихына қол таңбасын қалдырды.

Сабах газеті «Анталияда турист саны 8 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияға 21 тамыз күніне дейін әуе жолы арқылы келген турист саны 8 миллион 300 мыңға жетіп, орташа есеппен күніне 75-80 мың адам кірісімен бұл көрсеткіштің айдың соңында 9 миллионнан асып түсуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар